Экономика
1 мин оқу 454

Қазақстан мен Беларусь Республикасы экономикалық интеграцияның даму барысын талқылады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Сауда және интеграция министрлігінде ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын талқылады, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Беларусь Үкіметаралық комиссиясының (бастамашы – Беларусь тарапы) кезекті отырысына дайындық шеңберінде өздерінің жұмысын үйлестірді.

Екі Тарап үшінші елдердің нарықтарына шығу үшін экономикалық интеграцияны тереңдетуге және ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

"Біздің алдымызға мемлекеттеріміздің президенттері қойған басты міндет – өнеркәсіптік кооперацияны күшейту. Осы салада неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату қажет. Оның үстіне, Қазақстан мен Беларусь арасында мұндай кооперацияның жақсы мысалдары бар", деді Бақыт Сұлтанов.

Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты да талқылады.

Бөлісу:
Қазақстан мен Беларусь Республикасы экономикалық интеграцияның даму барысын талқылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар