Спорт
1 мин оқу 1,585

Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

<p style="text-align: justify;">Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның&nbsp;(27-0, 21 КО) келесі қарсыласы анықталды. Отандасымыз келесі кездесуін мексикалық Хесус Гурролаға (27-3-15, 14 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

BoxRec порталының ақпараты бойынша, Ислам келесі кездесуін 16 қазан күні Плант-Сити (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткізеді. Бұл отандасымыздың соңғы бір жылдағы бірінші кездесуі болмақ. 

Соңғы рет Қанат Ислам 2019 жылдың 26 қазанында шаршы алаңға шығып, намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл кездесу ол WBO International белбеуін иеленген болатын. 

Ал 32 жастағы Гуррола болса кәсіпқой бокста 45 кездесу өткізіп, 27 жекпе-жекте жеңіске жетсе, 15 кездесуде жеңіліп, 3 айқаста қарсыласымен тең түскен. Ол жекпе-жектерінің басым бөлігін Мексикада өткізген.

Бөлісу:
Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар