Медицина
1 мин оқу 211

Медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңге төленді

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Бұл туралы &laquo;Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры&raquo; КеАҚ Алматы филиалы хабарлады.</p>

Медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңге төленді

Хабарламаға сүйен­сек, аталған қаражат кепілден­дірілген тегін медициналық көмек және міндетті меди­циналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілген меди­циналық көмек үшін төленген. Қаржының 84,1 млрд теңгесі – мемлекеттік тапсырыс негізінде көрсетілетін тегін көмек пакетіне, 32,4 млрд теңгесі – МӘМС пакетіне тиесілі.

Медициналық сақтандыру қоры – 2018 жылдан бері мем­лекеттік бюджеттен қаржы­ландырылатын кепіл­дендірілген тегін медициналық көмек пакетінің операторы. Ал 2020 жылдан бастап қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсе­тілетін қызметтердің ақысын төлей бастады.

Еске сала кетсек, Алматы қаласы бойынша 172 медицина ұйымы Медициналық сақ­­тандыру қорымен жұмыс істейді. Оның жартысына жуы­ғы немесе 55 пайызы – жекеменшік клиникалар. Жал­пы, 2020 жылға тегін көмек пакеті шеңберінде бекі­тіл­ген келісімшарт жалпы сомасы – 141,9 млрд теңге, МӘМС пакеті бойынша бекітілген келі­сім­­шарт сомасы – 51,9 млрд теңге.

 

Бөлісу:
Медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңге төленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар