Қоғам
2 мин оқу 200

Басты міндет – жазылушыға жақсы қызмет көрсету

<p style="text-align: justify;">Өмірімді пошта қызметімен байланыстырған мен 1991 жылдан бері осы салада еңбек етіп келемін. Алғаш Шардара ауданын&shy;да жұмысқа қабылданып, еңбекқорлығымның арқа&shy;сында 2000 жылы &laquo;Қазпошта&raquo; АҚ облыстық бөлімше&shy;сіне қызметке келдім. Содан бері 20 жылдай осы мекемеде еңбек етіп келемін.</p>

Басты міндет – жазылушыға жақсы қызмет көрсету

Басылымдарға жазылым науқаны басталар сәтте арнайы бұйрық шығарылып, барлық мекемелерге хат ретінде жолданады. Бұл шара жылына екі мәрте ұйымдастырылғанмен әр ай сайын да жазылым жұмыс­тары жалғаса береді.

Алайда қазіргі таңда бас­пасөзге жазылуда ең үлкен бір қиындық  білім беру меке­ме­­леріне қатысты болып отыр. Себебі, «газет-жур­нал­ға мұға­лімдер мен балабақ­ша тәр­бие­шілерін күштеп жаз­ды­ру­ға болмайды», деген ере­жені көлденең тартқан ұжым бас­шылары бізбен оңай­лық­пен келісімшартқа тұра қой­май­ды. Екіншіден әкімдік тара­пы­нан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Көбіне жеке тұл­ғалардың өз қалауына қал­дырып жатады. Сондық­тан биыл қағаз басылымдар­дың тиражы күрт төмендеп кетті. Көбіне заңды тұлғалармен жұмыс істегендіктен олармен кепілдеме хатпен жазылым қабылдап аламыз. Мәсе­лен, 60 күн деп алсақ, кейде соның өзі 6 айға созылып кетіп жатады. Бюджеттік ме­ке­­­ме­лер­ден жазылым ақы­сы уақтылы аударылмайды. Есе­сіне редакцияларға өз есе­біміз­ден қаржыны уа­қтылы аудар­ғанмен, екі ортада біз қиналып жатамыз.

Облыс көлемінде Қазпошта филиалымен қатар жазылым жұ­­мыстарын жүргізетін 10 бә­се­­келес мекеме бар. Олар түр­лі сыйақылар, жеңілдіктер қарас­тыру арқылы біздің жазы­лу­шы­лары­мызды өздеріне тартып алуда. Дегенмен, бұрын­нан бері іс­керлік байланыс­та жұ­мыс істеп келе жатқан «Қа­зақ­­стан темір жолы, «Пет­ро­Қазақ­стан» секілді ұжым­дар әлі де Қаз­пошта қызметіне жүгінуде.

Шалғайдағы елді мекендерге газет-журнал жеткізуде бас­қа ме­ке­мелер бізге бәсекелес бо­­ла ал­майды. Анығында, біз ап­­­т­а­сына алты рет, карантин жағ­­­дайында аудандарға бес рет­­тен жеткізу жұмысын жолға қой­­дық. Ауылдық әкімдіктер, балабақ­­шалар, мектептер мен ауру­­х­а­налар Қазпошта арқылы жазылады.

Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газеті күн­делікті жарық көретін­дік­тен, оқырманға жылдам жет­кізу үшін барымызды сала­мыз. Себебі, ғасырлық тари­хы бар газетте саяси, эконо­микалық, әлеуметтік ма­ңызды жаңалықтар, сарап­тамалар көптеп жарық көреді. Оны жазылушы патша көңіл оқыр­манға жеткізу әрбір Қазпошта қызметкерінің міндеті.

Біздің тұрғылықты жазылушыларымыз түрлі мекеме қызметкерлері мен зейнеткерлер болғандықтан газеттің уақ­тылы жеткенін бақылап, кері байланысқа шығып тұрады. Сол себепті, газеттің өңірдегі тіл­шілері арқылы газеттің күн­делікті жарық көргеннен бас­тап, кешікпей таралуына дейін қадағалап отырамыз.

Қазіргі таңда пошта өн­дірістік логистика бөлімінің бас­шысы болып жұмыс істей­мін. Барлық пошта жөнелтім­дерінің келіп-кетуін, уақтылы жеткізілуін қадағалап оты­рамыз. Сондай-ақ әр аптада аудан, ауылдарға 5 реттен жет­­кі­зу қызметін ұсынамыз.

 

Қалдыгүл САБДЕНОВА,

«Қазпошта» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының өндірістік логистика бөлімінің басшысы

Бөлісу:
Басты міндет – жазылушыға жақсы қызмет көрсету · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар