Бүгін елімізде қар аралас жаңбыр жауады
<p style="text-align: justify;">Бүгін еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатындықтан, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болу мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, 15-20 м/с дейін жел күшеюі мүмкін.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, 15-25 м/с дейін жел күшеюі мүмкін.
Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады.
Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік жүруі ықтимал.
Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.