Тағайындау
1 мин оқу 490

Жаңа орынбасар тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрылыс, көлік және автомобиль жолдары жөніндегі орынбасары қылып Президент Әкімшілігінің келісімімен Құмар Ақсақалов өзінің өкімімен Турков Иван Ивановичті тағайындады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа орынбасар тағайындалды

1976 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Красноармейск қаласында туған И.Турков бұған дейін Тайынша ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданының әкімі болған. Оның соңғы қызметі Тайынша ауданының әкімі.

Облыс әкімінің отырысында осы кадрлық тағайындауды жариялаған Қ.Ақсақалов орынбасарын қиын учаскедегі жұмысты белсенді атқаруға шақырды. "Біз құрылыс қарқынын төмендетпей 2021 жылы да осы екпінді сақтауымыз керек. Автомобиль жолдарын жақсартуға белгіленген бағдарламалар толығымен орындалуын қадағалауыңыз керек", деді ол.

Солтүстік Қазақстан облысы   

Бөлісу:
Жаңа орынбасар тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар