Ауа райы
1 мин оқу 573
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
<p>"Қазгидромет" РМК 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Еліміздің солтүстік және шығыс жартысында жаңбырдың арты қарға ұласуын тудырған Солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады.
Алайда циклонның артына кезекті антициклон жылжып келеді, онымен жауын-шашынның тоқтауы және еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек батыста күздегідей жылы ауа райы күтіледі.
Бөлісу: