Аймақтар
1 мин оқу 142

Балқашта қалдықтарды сұрыптайтын жаңа желі ашылды

<p style="text-align: justify;">Балқашта қалдықтар сұрыптала басталды. Қалдықтарды сұрыптайтын желі полигон аумағында орнатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Балқашта қалдықтарды сұрыптайтын жаңа желі ашылды

Ол металл, пластик, шыны, қағаз және басқа да қалдықтарды жинауға арналған ыдыстармен жабдықталған.

"Полигон қоқысқа толып кетті. Біз ол мәселенің шешімін таба алдық. Келісім аясында сұрыптау желісі ашылды", деді Балқаш қаласының әкімі Ораз Таурбеков.

Қайта өңделетін барлық заттар жалпы қалдықтардан алынады. Кейіннен ол қабылдау пункттеріне өңдеуге жіберіледі. Қалған тұрмыстық қалдықтар көму үшін полигонға кетеді.

Болашақта органикалық қалдықтарды жоюға арналған инсинераторлық құрылғыларды қолдану нұсқасы қарастырылуда.

Өткен жылы полигон сенімгерлік басқаруға берілген. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен алаңды қоршады, сұрыптау сызығы мен қалдықтарды өртеуге арналған жабдықтар сатып алды. Қалдықтардың басқа түрлерін, соның ішінде автомобиль дөңгелектері мен құрылыс қалдықтарын өңдеуді ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар ол азаматтарға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды үйретуді көздейді.

Бөлісу:
Балқашта қалдықтарды сұрыптайтын жаңа желі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар