Қызылордада кәсіппен айналысуға жеңілдетілген несие берілуде
<p style="text-align: justify;">Облыста "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге шағын несие беру басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бағдарламаға сай "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы берілетін несие сомасы 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін. Мерзімі 5 жыл.
Облыстық кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Гаухар Елеусінованың айтуынша шағын несиенің пайыздық мөлшерлемесі 17,5%. Соның ішінде инвестициялық мақсатқа берілген несиелердің бастапқы үш жылында, ал айналым қаражатына берілетін несиенің әуелгі екі жылында кәсіпкер пайыздық мөлшерлемені 6%-бен төлесе, мемлекет тарапынан 11,5%-ы субсидияланады.
"Бағдарлама аясында несие алуға ниет білдірген азаматтар кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мен аудандардағы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен қажетті сауалдарына жауап ала алады", дейді Гаухар Елеусінова.