Үкімет
1 мин оқу 240

А.Мамин Ресей үкіметінің төрағасы М.Мишустинмен келіссөз жүргізді

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.  COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында ҚР Премьер-Министрі А.Мамин Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Бөлісу:
А.Мамин Ресей үкіметінің төрағасы М.Мишустинмен келіссөз жүргізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар