Әлем
5 мин оқу 254

Көпжақты ынтымақтастыққа төнген қауіп

<p style="text-align: justify;">&laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады.</p> <p style="text-align: justify;">Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына екі мақала ұсынып отырмыз. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымын атқарған Шаши Тарур мақаласында пандемия салдарынан БҰҰ-ның қызметіне орасан нұқсан келгеніне тоқталады. Автор әлем елдерінің жаһандық мүддеден ұлттық мүддені жоғары қойғанына қынжылыс білдіріп, ұйымды реформалау кезек күттірмейтін мәселе екеніне екпін береді.</p> <p style="text-align: justify;">Еуропалық парламенттегі Испания делегациясының басшысы Луис Гарикано бүгінгі мақаласында &laquo;Брекситтен&raquo; кейінгі Еуропалық одақтағы білім саласының жай-күйі туралы сөз қозғайды. Оның пайымдауынша, жаһандық деңгейге шығу үшін университеттердегі ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы орайда, автордың мақаласы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауда &laquo;Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді&raquo;, деген сөзімен үндес шығып отырғанын атап өткен жөн.</p>

Көпжақты ынтымақтастыққа төнген қауіп

НЬЮ-ДЕЛИ – Біріккен Ұлттар Ұйымы 24 қазанда 75 жылдық мерейтойын тойлайды. 1945 жылы БҰҰ-ның тарихи жарғысы өз күшіне енген болатын. Өкінішке қарай, ұйымның осы уақытқа дейін атқарған жұмысына қарамастан, көпжақтылыққа дәл қазіргідей қауіп төнген емес. 

Covid-19 пандемиясы дег­ло­ба­ли­за­цияның жаңа дәуірін бас­тап берді. Изоляционизм мен протекционизм күн санап ар­тып барады. Көптеген елдің би­лігі егемендікті, ұлтшылдықты және дербес шешім қабылдауды жо­ғары қоятынын айтып, ха­лықара­лық келісімшарттар мен сауда келісімдеріне күмәнмен қарап отыр. Сондықтан БҰҰ-да ұйым­ның өмір­шеңдігіне байланысты мә­селе көтеруіне себеп жетерлік.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 22 қыр­күйектегі жиынында сөй­леген сөзінде БҰҰ Бас хатшысы Ан­тонио Гутерриш Covid-19 ін­де­тін ақыреттің бір белгісі деп ата­­ды. Коронавирустың шығуы, әлем­ге тез тарауы, адам өлімінің кө­беюі (қазір қайтыс болғандар саны миллионнан асты), сондай-ақ ін­деттен туындаған қауіп жа­һан­­дық сауда айналымын күрт азай­­тып, 1930 жылдардағы Ұлы то­қы­­раудан кейінгі ең алапат дағ­дарысқа әкеліп отыр. Қазір эконо­микалық құлдырау мен әлеуметтік саланың бұзылуына байланысты Тұрақты даму мақсаттарына жету мүмкін емес.

Бүгінде БҰҰ-ның тағдыры бұлыңғыр тартып тұр. Тіпті БҰҰ құрылғанда негізгі темірқазығы саналған мультилатерализмге кү­­мәнмен қарайтындар қатары кө­бе­йе бастады. Президент Дональд Трамп­тың бастамасы­мен АҚШ көп­жақ­тылықтан бас тарту­ға көшті. Франция пре­зи­денті Эм­мануель Макрон таяу­да АҚШ-тың ха­лықаралық жүйе­нің соң­ғы кепіл­гері атануға ын­та біл­дір­меуін қатаң сынға ал­ды. АҚШ-тың Дүниежүзілік денсау­лық сақ­­тау ұйымынан шығатыны тура­лы Трамптың кейінгі жасаған мәлім­демесі Екінші дүниежүзілік соғыс­тан кейін іргесі әупірімдеп жү­ріп қаланған көпжақты жүйе­нің құ­лауына бастамашы болуы ықтимал.

Еуропа да пандемияға қатыс­ты қиындықтардан зардап шекті. Кезінде құрлық өңірлік инте­гра­цияның озық үлгісі санал­ған еді. Алайда еуропалық ынты­мақ­тас­тық індеттің қарқынына төтеп бере алмай, тез құлады. Осы­лай­ша, шекарасыз Шенген аймағы ал­ғаш­­қылардың бірі ретінде құр­бан­­дыққа шалынды.

Негізінде, Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер вирус­тың ал­ғаш­қы белгілері байқал­ған­да-ақ ұлт­тық кедергі жасап ал­ды. Қы­тай­дан кейін індет тез та­раған Италияға ЕО-дағы көрші мемлекеттер ал­ғаш­қыда медициналық жабдық­тар жіберген жоқ. Есесіне, құрлық­тағы әріпте­сі­не тілектестік көрсету­дің орны­на экспорттық бақы­­лау орнатты. Еуропалық одақ­та­ғы көп­жақ­ты­лықтың абыройын қайта қал­пына келтіру үшін көп уақыт керек.

Әлемдегі көпжақты қатынасқа Қытай-АҚШ арасындағы шиеле­ніс те сызат түсірді. Тіпті, сенім­ді либералдардың өзі Батыс әлемі БҰҰ-дан бас тартқан жағ­дай­да Қытайдың көпжақ­ты жү­йеде топ бастауға ұмтыла­ты­нын ай­тып дабыл қағып отыр. Де­ген­мен, Қы­тай­­дың мультила­тера­­лизмі рито­ри­­калық мәнге ие. Олар таң­­­даған modus operandi, яғни пре­­­зидент Си Цзинь­пин не­гі­зін қа­ла­ған трансұлт­тық ин­ф­рақұ­ры­­­лымдық инвести­ция­лық бағ­дар­­лама – «Бір жол, бір белдеу» жо­­б­асы тәуелсіз мекеме БҰҰ-ның көпжақты бақылауын­сыз жү­­­­зеге асып, екіжақты қа­рым-қа­­ты­­нас­ты тең дәрежеде жүр­гіз­бей­­­ді. Осылайша, әріптес елдер ба­­­ғы­­ныш­ты әрі қарыздар болып қалмақ.

ДДҰ Уханьда пандемия бас­талғанда бақылауды күшей­туге талпынған кезде Қытай одан бас тартты. Covid-19 вирусы жа­һандық денсаулық сала­сын­дағы төтенше жағдаймен бірле­сіп, көпжақты күресу жүйесінің ар­тық­шылығын көрсетті, сон­­дай-ақ халықаралық инс­ти­туттардың легитимдігі әлсірегенін аңғартты.

ДДҰ-ның пандемиямен күресудегі әрекеті көпте­ген жа­һандық институт пен олардың агент­тіктері саясиланғанын, үл­кен күшке ие мемлекеттердің ық­па­лында қалып, көшбасшылық пен мақсаты кемшін соғатынын көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы басты рөлге ие Қытай жаһандық денсаулық саласының қауіпсіздігінен гөрі ұлттық мүддені жоғары қойды.

Бұл ұлтшылдық пен экономи­калық шектеулер Екінші дүние­жүзілік соғыстан кейінгі халық­ара­лық тәртіп пен БҰҰ-ның ынты­мақ­таса әрекет ету қабілетіне нұқ­сан келтірген жалғыз сала емес. Бәлкім, ең қатерлі жаһан­дық сәтсіздіктің бір парасы кли­мат­тың өзгеруін болдырмауға қа­тысты шығар. Бұл мәселе ға­лымдар мен белсенді­лер­ді ға­на мазалағандықтан, жаһан­дық жылынудың әсері анық бай­қала бастады және кез келген сәтте тарихта кездеспеген апатқа әкелуі ықтимал. Қазіргі таңда, климат салдарынан көшкендер саны қақтығыстан бас сауғалаған немесе экономикалық мүмкіндік ізде­ген босқындардан әлдеқайда көп. Таяуда өткен Бас Ассамблеяның жиы­нында бірнеше елдің басшы­сы климаттың өзгеруі туралы айт­қа­нымен, оны болдырмауға бағыт­тал­ған бірлескен келісім жасалған жоқ. Дәл қазіргі 2020 жыл «не бел, не белбеу» кететін уақыт екені анық.

Бүгінде әлем ең қауіпті қатер­мен күресуде қиындыққа тап болып отырғанын ескерсек, халық­аралық саясаттың да дағ­дарысқа тірелгеніне таңғалудың жөні жоқ. XX ғасырдың ережесі саналатын сауда, байланыс, инновация, бейбітшілік пен қауіпсіздік біржақты мемлекеттік тәртіптің форумына айналды. БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі оған тұрақты мүше мемлекеттердің күрделі айыр­машылықтарына байланысты тоқырап тұр.

Әйтсе де, БҰҰ қазіргі таңда әлемнің бұрыш-бұрышында маңызды жұмыс атқарып жатыр. Шамамен 95 мың сарбаз, полиция және азаматтық қызметкер БҰҰ-ның бітімгерлік операция­лары мен саяси миссияларында қызмет етіп жүр. Дегенмен, БҰҰ-ның бітімгерлік бюджетіне берілуі тиіс 8 миллиард доллар жарнаның төленбеген сомасы былтыр 1,7 миллиард долларды құрады. Дәл сол секілді, БҰҰ-ның жалпы бюджетіне 711 миллион доллар жарна кем төленді.

Дамушы елдер БҰҰ-ның негізгі электораттары ретінде қа­ла бермек. Ұйым олар үшін жа­һан­дық аренада өз даусын естір­туге мүмкіндік беретін «күш теңестіргіш», олар кезігетін қиын­дық пен мәселелер баршаның ортақ жауапкершілігі ретінде әрекет етеді. Үндістан секілді мемлекет БҰҰ-да реформа жүргізу­ді сұрағанда ұйымның көпте­ген мәселені шешуде алғырлық көрсеткенін, реформа жасайтын уақыт келгенін мойындайды. Көпжақтылық теңсіз әлемде мүйіз­деуге ұшырауы мүмкін ел­дер­ді қорғауға бағытталған.

Бірақ Covid-19 індеті БҰҰ-ға соққы жасады. Егер жүйе тиім­ді жұмыс істегенде, коронавирус шы­ға сала оның қаупі туралы жа­һан­дық дабыл қағылып, ви­рус­­тың алдын алу мен таралуын шектеуге қатысты үздік тәсіл­дер анықталып, көпшілікке таратылатын еді, мемлекеттер соған бейімделетін еді.

Оның орнына, пандемия әлем­нің тағдырын талқандайтын бәс ойынына беріліп кеткенін аң­ғартты. Қазіргі дағдарыс аяқ­талған­нан кейін БҰҰ мемле­кеттер­ді болған жағ­дайдан сабақ алуға бастап, халықаралық жүй­лер мен инс­титут­тардың қайт­кенде күшей­тіп, радикалды түрде рефор­малауға жол көрсетуі тиіс. Әйтпесе, БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойы адамзаттың ізгі ойынан туындаған ортақ жобаны қауіпті вирустың жойып жіберген сәті ретінде есте қалмақ.

Шаши Тарур,

БҰҰ Бас хат­шысының бұрынғы орынба­сары. Үндістанның сыртқы істер мемлекеттік ми­нистрі,

Адам капиталын дамыту мемлекеттік министрі қызметін атқарған. Қазіргі таңда Үндістан ұлттық конгресінің мүшесі

 

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org

Бөлісу:
Көпжақты ынтымақтастыққа төнген қауіп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар