Тұтынушыларға 1 млрд теңгеден аса қаржыны қайтарады
<p style="text-align: justify;">Ұлттық экономика ми­нис­трлігі Табиғи монополияларды реттеу ко­митетінің Алматы облысы бойынша департаменті монопо­листердің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағ­дарламалардың орындалуы туралы 2019 жылғы есептерге жүр­гізілген талдау нә­ти­же­лері бо­йынша бірқатар бұзу­шы­лық­тарды анықтады.</p>

Айта кетсек, тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны, сондай-ақ есептерді ұсынбағаны үшін 24 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 401 042 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Тұтынушыларға қайтарудың жалпы сомасы 1, 16 млрд теңгені құрайды, соның ішінде кірме жолдар саласында – 9,83 млн; сумен жабдықтау саласында – 72,92 млн теңге; су бұру саласында – 56,77 млн; суды арналар бойынша беру саласында – 42,73 млн; электр энергиясын беру саласында – 22,23 млн; жылумен жабдықтау саласында 954,38 млн теңге есептелген.
Сондай-ақ бүгінде бірқатар табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты тарифтік сметаларды, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны және есептерді ұсынбағаны үшін, тиісті ден қою шаралары қабылдануда.
Алматы облысы