Будапешт татамиіне көз тігеміз
<p style="text-align: justify;">Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Grand Slam турнирінің ресми түрде бас­талатынын мәлімдеді. Пан­демия басталғалы бері алғаш рет өткізілетін жарыс 23-25 қазанға жоспар­ланған.</p>

Турнир Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өтеді. Жарыс барысында коронавирустың алдын алуға арналған медициналық хаттамаға баса назар аударылады. Әлемдегі эпидемиялық жағдайға байланысты турнир кестесіне өзгеріс енуі мүмкін.
«Біз IJF ережелеріне сәйкес «Үлкен дулыға» турнирі өтетін кезді асыға күтудеміз. Турнир денсаулық пен қауіпсіздікті сақтауға арналған ғаламдық іс-шаралар аясында өтеді. Біз COVID-19 жағдайына бейімделіп, сүйікті спортымыздың қайта оралуына атсалысудамыз. Спортшылар жарыс алаңына қайта оралу үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», дейді IJF президенті Мариус Визер.