Алматы облысында мал ұрлығы азайды
<p style="text-align: justify;">Облыс көлемінде өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде өңірде мал ұрлықтарының саны азайған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
“Бұл бағыттағы қылмыстардың жолын кесу мақсатында мал ұрлықтарының алдын алу бойынша жоспар әзірленді. Оны іске асыру аясында облыс көлемінде 1149 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 61 – негізгі аудандық жолдарда, тағы 1088 мал сою және өткізу орындарында. Жыл соңына дейін тағы 250 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар келесі жылы облыстың 11 ауданында 886 камера орнатуға жобалық – сметалық құжаттама әзірленді”,- деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.