Елорда
1 мин оқу 240

Елордада "Сергек" камерасының арқасында жол апаты мен қылмыс саны екі есе азайды

<p style="text-align: justify;">Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында қоғамдық қауіпсіздік және "Сергек" камераларының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Биыл тоғыз айдағы қорытынды бойынша, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда қаладағы ЖКО саны 40% төмендеді, жолдағы оқиғалар салдарынан жарақат алу екі есе қысқарды.

"Нұр-Сұлтан қаласында жалпы бейнебақылау камераларын орнату және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен бірлесіп анықталған қылмыстық аулаларды бақылауды қолға алуының арқасында елордада қоғамдық орындарда қылмыс 44% төмендегені байқалады", деді Даниял Айткенов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 4000 жалпы бейнебақылау камерасы, қиылыстарда 400 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені және желілік учаскелерде 300 камера орнатылып қосылған. Бұдан басқа, жалпы қалалық бейнебақылау жүйесіне СОО, қонақ үйлер, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардағы 3000 камера қосылған.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда "Қауіпсіз қала" жобасы іске асырылып жатыр. Оның аясында аулалар, әлеуметтік нысандар, саябақ аймақтары бейнебақылау камераларымен қамтылады.

Бөлісу:
Елордада "Сергек" камерасының арқасында жол апаты мен қылмыс саны екі есе азайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар