Кәсіпқой бокс
2 мин оқу 260

Бокс кеші

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматыдағы &laquo;Абылай хан&raquo; спорт кешенінде кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Таяуда ғана тұсауы кесілген &laquo;Дарын&raquo; және &laquo;Nev Names&raquo; промоутерлік компаниялары ұйымдастырып отырған айтулы жарыста Қазақстанның бірқатар аймағы және Әзербайжан мен Беларусь елінен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынайды.</p>

Бокс кеші

Алатау баурайында өте­тін жарыста аты­рау­­­лық Бекболат Құра­мы­­­сов кә­сіпқой рингтегі өзі­­­нің тұ­саукесер кезде­су­ін өткізеді. Бұл есім жан­­­­­күйерлерге жақсы таныс. Қазақстан Республи­касының еңбек сіңірген жат­тықтырушысы Дастан Сә­дуақасовтың төл шәкірті әуесқой рингте жүр­генде 69 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, елеулі та­быс­­тарға қол жет­кізді. Атап айтсақ, студенттер ара­сында Чианг-Май мен Элистада өткен әлем чем­пионаттарының финалисі болды, Азия біріншілігінде қола медальды иеленді. Ере­сектердің ел чемпионатында жүлдегелер санатына қосылып, Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) «Ас­тана» арландары» клу­бының намысын абыроймен қорғады. Енді Бекболат кәсіпқойлармен күш сынасуды құп көріп отыр. Ол алғашқы жекпе-жегін ал­матылық Батыржан Тұх­таевқа қарсы өткізеді.

Танымал бапкер Сағат­бек Мұсахановтың қол ас­­тында жаттығатын Ес­кен­дір Харсан Андрей Нурчинскимен қолғап түйіс­тіреді. 31 жастағы Беларусь елінің өкілі – өте тәжірибелі боксшы. Ол осы күнге дейін кәсіпқой рингте 50-ге жуық жекпе-жек өткізді. Ал 23 жастағы қандасымыз жеті рет шаршы алаңға шығып, соның алтауында жеңіске жетті.

– Алматыдағы бокс ке­шенінде өнер көрсететін жігіттердің үш-төртеуінің ғана есімі көпшілікке танымал. Ал қалғандары кә­сіпқойлар арасында өз­дерінің тұсаукесер кезде­су­лерін өткізгелі отыр. Осы­­лайша, біз жастарға өз-өз­дерін мойындатуға жақсы мүмкіндік беріп отырмыз. Оның үстіне, «Дарын промоушен» компаниясы жуыр­да ғана құрылды. Қа­зақ­стан кәсіпқой бокс фе­де­рация­сының арнайы лицензиясын ресми түрде алғаннан кейін бірден дүбірлі дода ұйымдастыруға бел будық. Бұл реттегі біздің бас­ты мақ­сатымыз – осы спорт тү­рін таңдаған жастарға жол ашу, олардың үлкен аре­наға шығуына барынша жағдай жасау. Айтулы жарыс көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймыз, – дейді «Дарын» промоутерлік компаниясының президенті Дархан Қабыланбаев.

Сондай-ақ турнирде Қа­нат Сүмебайұлы мен Дәуіт Ынтымақ, Бауыржан Бейіл­динов пен Ерлан Махмұд, Ғани Спатаев пен Исмат Еюнулаеев (Әзербайжан), Сергей Крапшила (Беларусь) мен Адлан Селмұрзаев және Асхат Жантұрсынов пен Ка­зим Умудов (Әзербай­жан) секілді боксшылар жұ­ды­рық­тасады.

Бөлісу:
Бокс кеші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар