Әлем
1 мин оқу 171
Украиналық борщ ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізіледі
<p style="text-align: justify;">Украинаның Мәдениет министрлігі борщты ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде тануды қарастыруда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Euronews агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Мұндай ұсынысты ведомство жанындағы Сараптамалық кеңес ұсынды.
Украинаның Мәдениет министрі Александр Ткаченко борщ міндетті түрде ұлттық мәдени мұраның бөлігі болып жарияланатынын айтты: "борщты дайындаудың шынайы процесі енді ресми түрде украин дәстүрлерінің мойындалған меншігіне айналатынына қуаныштымын".

Ткаченконың айтуынша, ұлттық тізімді ресімдеу — бұл борщты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін дайындаудың украиндық дәстүрін номинациялаудың маңызды кезеңі.
Бөлісу: