Аймақтар
1 мин оқу 301

Атырауда карантиндік шектеуді елемегендер анықталды

Карантиндік шектеуді елемей, табыс табуды көздейтіндер кімдер? Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұлардың қатарында түнгі клуб пен дәмхана, наубайхана иелері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда карантиндік шектеуді елемегендер анықталды

"Атырау қаласының Авангард-2 ықшамауданында орналасқан көңіл көтеру орны түнгі сағат 01:00 шамасында клиенттерге қызмет көрсеткен. әртіп сақшылары келген кезде түнгі клубта 100-ге жуық клиент болған. Осы ықшамаудандағы тағы бір дәмхана түн ортасы ауғанша жұмыс істегені анықталды. Аталған нысандардың иелеріне қатысты жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасына жолданды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал "Атырау" ықшамауданындағы наубайханада жұмысшылардың бетперде тағу режимін бұзғаны анықталыпты. Жұмысшылар қолғап киюді қажет деп таппапты. Тіпті бұл наубайханада Өзбекстан Республикасының екі азаматы төлқұжатсыз жұмыс істегені белгілі болып отыр. Енді олардың кім екені анықталғанша, қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орталығына орналастырылды.

Қауіпті індет осындай бейғамдықтан таралар болса, кім жауап береді?

Бөлісу:
Атырауда карантиндік шектеуді елемегендер анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар