Әлем
1 мин оқу 200
Жапонияда тайфун салдарынан 141 әуе рейсі тоқтатылды
<p style="text-align: justify;">Жапонияда "Чан-хом" тайфунына байланысты 141 ішкі әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.</p>
Негізінен оңтүстік-батыстағы Кюсю аралын елдің басқа аймақтарымен байланыстыратын бағыттар тоқтатылған. Бірақ теміржол қатынасы тоқтатылған жоқ.
Тайфун қазір Жапонияның оңтүстігіндегі Тынық мұхитында және солтүстік-шығысқа қарай бет алған. Орталық бөлігінде желдің жылдамдығы 35 м/с, ал екпіні 50 м/с жетеді. Тропикалық дауылдың әсерінен кейбір аймақтарда қатты жаңбыр жауады.
Бөлісу: