Елорда
1 мин оқу 122

Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді

<p style="text-align: justify;">Қала тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері театрландырылған қойылымдарды, экскурсиялар мен елорданың мәдени мекемелеріндегі онлайн кездесулерді тамашалай алады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді

Барлық іс-шаралар қатаң санитарлық талаптарға сәйкес өтеді.

10 қазанда сағат 18:30-да Nomad City Hall-да театрдың III маусымының ашылуына орай М.Фрейннің "Театр 180°" спектаклі өтеді.

Елорданың қуыршақ театры 10 қазанда сағат 14:00-де кішкентай көрермендерге арнап "А знаешь ли ты, что...?" және "Изучаем повадки животных" атты онлайн бағдарлама өткізеді. 22: 00-де балаларға кешкі ертегі көрсетіледі. Театрдың әлеуметтік желілеріне сілтеме: instagram.com/teatrkukolnursultan, facebook.com/teatr.kukol.astana 

10 қазанда сағат 19: 00-де "Жастар" театрында "Актерлар әлемі" ІІІ буын актерлерімен бірге әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция өтеді: instagram.com/zhastar_teatry;facebook.com/zhastar.theatry;youtube.com.

М. Горький атындағы драма театры 10 қазанда сағат 18.00-де Р.Кунидің "Смешные деньги" комедиясын ұсынады. Пьеса әлеуметтік желілерде көрсетіледі: youtube.com; youtube.com;instagram.com.

"АЛЖИР" саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалды кешенінде демалыс күндері "Алаш" залына экскурсия ұйымдастырылып, келушілер үшін "Лютый холод "АЛЖИРа" деректі фильмі көрсетіледі.

Бөлісу:
Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар