Әдебиет
1 мин оқу 660

Сағыныш-ғұмыр

<p style="text-align: justify;">Жуырда ақын, әнші-сазгер Елена Әбдіхалықованың &laquo;Менің жалғыз жұлдызым&raquo; атты жыр жинағы мен &laquo;Сағыныш-ғұмыр&raquo; атты ән жинағы жарық көрді.</p>

Сағыныш-ғұмыр

Жыр кітабында ақынның өлең­дері һәм қазақтың ардақты қалам­герлері Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова туралы мақалалары берілген. Ал партитуралар жина­ғына автордың әр жылдары жазған таңдамалы әндерінің эстрадалық-симфониялық оркестрге арналған партитуралары мен ноталары ен­гізіліпті.

«Профи Медиа» баспасы­нан әрқайсысы 2000 данамен басылып шыққан қос кітап Маңғыс­тау облысының әкімі Серікбай Өтел­генұлы Трұмовтың қолдауымен жария­ланып отыр.

Талантты сазгер ән кітабына жаз­ған алғы сөзінде: «...Менің ғұ­мырым – Сағыныш. Кімді?.. Нені?.. Не үшін?.. Білмеймін. Бірақ кеу­демді үнемі сағыныш кернейді де тұрады...

Сол сағыныштарымның саз-үнін осы кітап жеткізгей...» дейді. Автор­дың сағынышқа толы сазды әуендері әр қазақтың жүрек түкпі­рінде сақталған.

Ақын шығармашылығына зор табыс тілейміз.

Бөлісу:
Сағыныш-ғұмыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар