Әлем
1 мин оқу 210

EXPO-2020: Дубай сақадай сай

<p style="text-align: justify;">Таяу Шы&shy;ғыс&shy;та өтетін ал&shy;ғ&shy;аш&shy;қы дү&shy;ние&shy;жүзілік көрме осы айда ашылуы тиіс еді. Алайда пандемия кесірінен шараны бір жылға шегеруге тура келді.</p>

Ұйымдастырушылар 6 айға созылатын көрмеге 25 миллион­ға жуық қонақ келеді деп болжаған. Сондай-ақ 190 елдің өкілі шараға қаты­суға тіркелген еді. Енді әйгілі көрме келесі жылы 1 қазан мен 2022 жылы 31 наурызға дейін өтеді деп жоспарла­нып отыр. Суреттерден Дубайда салы­нып жатқан EXPO қалашығының, он­дағы павильондардың келушілерді қар­сы алуға дайын екендігін қалғанын бай­қауға болады. 2013 жылы шараның Бірік­кен Араб Әмірліктерінде өтетіні бел­гілі болған уақыттан бастап шараға мил­л­иардтаған доллар бөлінген. Дубай шараға арнайы салынған ғимараттардың 80 пайызын District 2020 жобасы бо­йынша коммерциялық және тұрғын үй құрылысына айналдырмақшы. Әмірлік экономиканы әртараптандыру және қаланың инновациялар орталығы ретін­дегі беделін нығайту бойынша көр­меге үлкен үміт артады. Енді ұйымдастыру­шылар соңғы жағдайларға байланыс­ты келесі жылы шараға қанша қонақ келетінін болжай алмай отыр.

Бөлісу:
EXPO-2020: Дубай сақадай сай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар