Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 240

Жәнібектің жарқын жеңісі

<p style="text-align: justify;">Орта салмақтағы қазақстандық кә&shy;сіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, аргентиналық қарсыласын екінші раунд&shy;та сұлатып салды.</p>

Жәнібектің жарқын жеңісі

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы (Невада штаты) The Bubble спорт кешенінде өткен кездесу 10 раундқа жоспарланған бола­тын. Алайда аргентиналық боксшы Гон­сало Корию (16-3, 6 КО) жерлесіміздің жойқын қимылына төтеп бере алмай, екінші раундта Жәнібектің ауыр соққысынан кейін жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады. Бірін­ші раундта Жәнібек қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін де айта кетейік.

Мұхиттың арғы бетінде жұдырықтасып жүрген Жәнібек Әлімханұлы осымен кәсіп­қой бокста тоғызыншы мәрте жеңіске жетіп, бесінші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл жеңісінен кейін ол орта салмақтағы әлемдік рейтингте 7 саты жоғарылап, 23-орын­ға тұрақтады.

Бөлісу:
Жәнібектің жарқын жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар