Аймақтар
2 мин оқу 152

Көлік ұрлаудың басты себебі мастық болып отыр

Көлік айдап​ кету фактілері арасында баланың ойыны секілді оқиғалар да кездеседі. СҚО облысының Аққайың ауданындағы Ленин ауылының бір тұрғыны бөтелкелес досының машинаның ішінде музыка тыңдай тұрайын дегеніне алданғанын айтып, полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік ұрлаудың басты себебі мастық болып отыр

Танысы музыка тыңдап қана қоймай, көлігін белгісіз жаққа айдап кеткен.

Ұрлық туралы аудандық полиция «Ұстау» жоспарына сәйкес жақын маңдағы әкімшілік учаскелердегі учаскелік полиция инспекторларын хабардар етеді. Аудан орталығы Смирновауылының орнатылғына кіреберістегі бейнебақылау камералары тексеріліп, көлік айдап әкетушінің мұнда соғып, кейін Қиялы ауылы жаққа кеткендігі анықталды. Ақыры полицейлер оны осы бағытта ұстаған. 1978 жылы туған шала мас жүргізуші бұл әрекетке өзін алкоголь итермелегенін айтып ақталуда. Қазір оның үстінен қылмысты іс қозғалды.

Осындай әрекеттер жиі болып тұрады. Бір күн бұрын «Ауди 100» автомашинасының жоғалғанын айтып, Петропавл қаласының тұрғыны полицияға жүгінген. Шетелдік көлік оның ауласынан жоғалған. Полицейлер ұрлыққа 1990 жылы туған, масаң күйде болған ұлының қатыстылығын анықтаған... Жалпы жыл басынан бері СҚО-да көлік құралын айдап әкетудің 56 фактісі тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Көлік ұрлаудың басты себебі мастық болып отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар