Алдағы үш күнде күн жылынады

Қазгидромет 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон әсер етеді. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне Солтүстік циклонның жырасы әсер етеді, онда кейде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) өтеді.
Жалпы республика бойынша ауа температурасының біртіндеп көтерілуі, кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл күтіледі.