Әлем
1 мин оқу 214

Эмомали Рахмон Тәжікстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Жексенбіде өткен Тәжікстандағы президенттік сайлауда Эмомали Рахмон жеңіске жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;РИА Новостиге сілтеме жасап.</p>

Эмомали Рахмон Тәжікстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша ол 90,92% дауысқа ие болған.

Сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен тағы да 4 үміткер қатысты. Олар аграрлық партиядан Рустам Латифзода, Социалистік партиядан Абдухалим Гаффорзода, Экономикалық реформа партиясынан Рустам Рахматзода және Коммунистік партиядан Мирод Абдуллоев.

Айта кетейік, Тәжікстанда президент 7 жылға сайланады.

Бөлісу:
Эмомали Рахмон Тәжікстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар