Әлем
1 мин оқу 270

Бішкекте төтенше жағдай режимі қайта енгізілді

<p style="text-align: justify;">Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін қайтадан енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Кабар агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Бішкекте төтенше жағдай режимі қайта енгізілді

"Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде туындаған зорлық-зомбылықпен және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірумен ұштасатын қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Конституциясының 15-бабына, 64-бабы 9-бөлігінің 2-тармағына және "Төтенше жағдай туралы" Қырғыз Республикасы Конституциялық Заңының 3, 4, 7, 8-баптарына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мүддесінде, бұдан бөлек, Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында:

Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазанда сағат 20.00-ден 2020 жылғы 19 қазанда сағат 07.00-ге дейін төтенше жағдай енгізіледі", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 9 қазанда Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізді. Ол 21 қазанға дейін созылуы керек еді.

Бөлісу:
Бішкекте төтенше жағдай режимі қайта енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар