Президент
1 мин оқу 280

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің екі ел арасындағы берік достық байланыстарды және стратегиялық әріптестікті дамытуға зор үлес қосқанын айтты.

Қазақстан Президенті бауырлас екі халықтың мүддесі жолында күш-жігер біріктіру арқылы көпжақты қазақ-тәжік ынтымақтастығы жаңа белестерге көтерілетініне сенім білдірді.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша бірлескен жұмысты белсенді жалғастыруға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестікті нығайту және қазақ-тәжік қатынастарына тың серпін беру мақсатында Эмомали Рахмонды өзіне ыңғайлы кез келген уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар