Қоғам
1 мин оқу 302

Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген алты отандасымыздың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"6-12 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен 14 578 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде COVID-19-ға ПТР туралы анықтамалары бар - 11 966 немесе 82 пайыз. Ал анықтамасыз келгендердің саны - 2 596. Сондай-ақ ПТР талдауын тапсыру үшін 2 596 азамат екі күндік карантинге оқшауланды.

С.Байғабыловтың айтуынша, түрлі әуе рейстермен және даталармен ұшып келген 2 596 азаматтың ішінде тек алты азаматта ғана коронавирус дерегі расталған.

Вирусты жұқтырғандардың арасында үш жолаушы Алматыдан 10 және 12 қазанда, біреуі Нұр-Сұлтаннан 9 қазанда және екеуі Шымкенттен 11 қазанда ұшып келген.

Ауру жұқтырған азаматтар Мәскеуден Нұр-сұлтанға, Түркиядан Шымкентке, Дубай мен Түркиядан Алматыға ұшқаны нақтыланды. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар