Оқиға
1 мин оқу 362

Жас өнертапқыш трактор құрастырды

<p style="text-align: justify;">Жамбылдық жас өнертапқыш Бақтияр Тұрған&shy;баевтың ерекше табысы бүгінде талай&shy;дың қызығушылығын тудырып отыр. Ол өзінің ізденісі нәтижесінде жуырда ауыл шаруа&shy;шылығы саласына қолайлы трактор жасап шығарған. Қазіргі кезде Бақтияр Сарысу ауданы Саудакент ауылындағы Әйтеке би атындағы орта мектепте 11-сыныпта оқиды. Ауыл баласының бұл жетістігі аз уақытта қолдауға ие болды.</p>

Жас өнертапқыш трактор құрастырды

Аудандық білім бөліміне қарасты Саудакент ауылындағы техникалық шығармашылық орта­лығының директоры Мұхтар Мелдеевтің айтуынша, мектептердегі «Авто-21» үйірмесіне 10-11 сыныптың оқушылары қатысады екен. Нә­ти­жесінде Әйтеке би атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Бақтияр Тұрғанбаев «Ауыл­ша­руашылық техникалар мен жабдықтар сала­сын­дағы техникалық құрастыру» аталымы бойынша «Шағын трактор» тақырыбындағы жұмысын сәтті қорғап шыққан. Сонымен қатар жас өнер­тапқыштың жұмысына Сапарғали Байулиев же­текшілік етіп, оқушыға нақты бағыт, бағ­дар беріп отырған.

Бүгінде аталған ауылдағы техникалық шығар­машылық орталығында оқушыларды инженерлік мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы жұмыс өзінің нәтижесін беріп те үлгерді. Ал Бақтиярдың құрастырған бұл тракторы арық қазып, жер жыртуға қолайлы екен. Сондай-ақ ол жа­нармайды да аса көп қажет етпейтін техника. Бүгінде әртүрлі техниканың бөлшектерінен құрас­тырылған шағын тракторға аудандағы диқан­дар да қызығушылық танытып отыр. Алдағы уақытта өзі шағын, өзі үнемшіл техника жергілікті шаруалардың кәдесіне жарауы мүмкін.

Жамбыл облысы

 

Бөлісу:
Жас өнертапқыш трактор құрастырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар