Коронавирус
1 мин оқу 170
Коронавирус адам терісінде 9 сағатқа дейін сақталады
<p style="text-align: justify;">Коронавирус адам терісінде 9 сағатқа дейін сақталады. Бұл тұмау вирусымен салыстырғанда шамамен 5 есеге ұзақ. Киото университетінің ғалымдары осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.</p>
Мұны анықтау үшін мамандар арнайы сынақ өткізіп, адам терісіне жүз мыңдай тұмау вирусы мен ковид-19 вирусын қойған. Сөйтіп, олардың жойылып кету уақытын бақылаған көрінеді. Нәтижесінде тұмау вирустары адам терісінде шамамен 2 сағатта белсенді болған. Ал коронавирус 6 сағаттан 9 сағатқа дейін сақталыпты.
Бөлісу: