Тергеу изоляторында отырған азаматтарға екпе салынды
<p style="text-align: justify;">Атыраулық тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен тергеуге қамалған азаматтарға тұмауға қарсы екпе салынды, – деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 мекемеcінде отырған күдіктілер мен жазасын өтеуге қалдырылған тұлғаларды тұмаудың алдын алу мақсатында жаппай вакцинациялау жүргізілуде. Вакцинаның тек келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге ғана салынатынын айта өту керек.
"Басты мақсатымыз – тұмаудың алдын алу болып табылады. Өйткені күз мезгілі жұқпалы аурулар өршіп, вирустың белең алатын кезеңі", - дейді мекеме дәрігері Рамила Куншигарова. Бүгінгі таңда 100-ден астам күдікті азаматқа екпе салынды.