Спорт
1 мин оқу 162

Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды

<p style="text-align: justify;">Әлемнің үздік футболшыларының бірі, туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды. Бұл туралы&nbsp;Португалия футбол федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бұған дейін "Ювентустың" бірнеше футболшысы коронавируспен ауырған болатын.

Қазір Роналду оқшаулануға жіберілді, әзірге ол Ұлттар Лигасының матчтарында ұлттық құрамада ойнамайды.

Соңғы екі аптада Еуропада коронавирустық инфекцияның екінші толқыны байқалды. Ауру жағдайлары А сериясының бірнеше клубтарында анықталды.

Бөлісу:
Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар