Қоғам
3 мин оқу 341

Қоғам жастардың қолдауын сезінді

<p style="text-align: justify;">Қатарына екі мың жасты біріктірген Ақтөбе өңіріндегі волонтерлік топтар пандемия кезінде, тазалық акциясын өткізуде, қиын балалармен жұмыс істеуде және ата-анасы жоқ балаларға қамқорлық танытуда ерекше көзге түсті. Сондай-ақ жоғалған адамдарды іздестіріп табуда полиция қызметкерлеріне көмегін тигізді. Аз уақыт ішінде біраз тәжірибе жинақтаған белсенді жастар жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды деп отыр.</p>

Қоғам жастардың қолдауын сезінді

Жыл басында ерікті жастар тобы ең әуелі өңірдегі кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарында, Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік университеті мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде құрылды. Жыл басында 1000 ерікті жас құрған 35 топтың саны қазір 90-ға артты. Аудан-ауылдарда да жастар белсенділігі артып келеді. Соның ішінде қыздардың белсенділігі күшті. Қазір өңіріміздегі екі мың волонтердің ең ересегі 41 жас­та болса, ең кішісі – 14 жас­та. Волонтерлердің 62%-ы –қыз­дар. Топтардың құрамы мынадай: жұ­мысшы жастар – 45,8%, ЖОО сту­­денттері – 16,5%, кәсіптік-тех­­никалық білім беретін оқу орын­дарының студенттері – 12,7%, мектеп оқу­шылары – 20,5%, жұ­мыссыз жастар және кәсіпкерлер – 4,5%.

Жыл басында Ақтөбе облысында қозғалыстың «Birgemiz» тұжырымдамасы негізінде 43 тар­мақтан тұратын жұмыс жоспары бекітілді.

«Қоғамдық мәселеге араласу арқылы көпшілік жастардың өмірлік ұстанымдары қалып­тасты. Олар қоғаммен қарым-қатынас жолдарын үйренді, ең бастысы – тәжірибе жинақтады. Мен де көп нәрсені үйрендім», дейді облыстық жастар саясаты мәсе­лелері басқармасының басшысы Сәбит Мұқанов.

Төтенше жағдай кезінде об­­лыстық волонтерлік штаб құ­ры­лып, «AntiCovid19» то­бының жастары Ақтөбедегі про­ви­зор­лық ауруханалар мен же­дел жәрдем бекеттерінің қыз­мет­керлеріне ыстық тамақ жет­кізіп тұрды. Со­нымен қатар волон­терлер нау­қастар үшін 13 оттегі концентратор аппаратын, 67 от­тегі баллондарын, 146 оттегі жас­­тықтарын жеткізіп берді.

Еріктілер тобы жаз бойы қиын жағдайда қалған балалармен жұ­мыс істегенін де айта ке­­ту керек. Жетімдер үйінен шық­­­қан кә­мелет жасына жеткен бала­лар тұ­ратын «Аяла» ор­та­­­лығында, «Ме­йірім» жастарды әлеу­меттік бе­йімдеу үйінде және «Жайна» мүгедек балаларды оңал­­ту орта­лығында жұмыс істеп, көптеген түйткілді сұрақтардың басын ашты. Жастың тілін жас түсі­неді демекші, өмірде қиын жағдайда қалған балалар ішкі сырларын тек құрдастарына ғана ақтара алады. Бұл жұмысқа волонтерлер арнайы тренингтер мен семинарларда оқығаннан кейін ғана жіберілді.

«Umit» жобасы бойынша 30 во­лонтер «Зелло іздеу» коман­дасы тобымен және жер­гілікті полиция бөлімімен бір­лесе жоғал­ған адамдарды іздес­тіру­мен айна­­лысқанын айта кету ке­рек. «Taza alem» жобасы негі­зінде 3249 белсенді тазалық акциясын өткізіп, табиғат аясында дем­алушыларға жадынамалар таратты, қоқыс жинады.

«Birgemiz: тaza alem» ба­ғы­ты бойынша шағын грант бай­қауынан Ақтөбе облысынан 7 жо­ба ұсынылып, оның 4 жо­ба­сы мақұлданды. Соның арқа­сында жастар әрбір жобаға 300 мың теңгеден грант алды. Осы ша­раның арқасында, қазірде қа­лада, аудан орталықтары мен елді мекендерде тазалық акциялары жиі-жиі ұйымдастыры­лып, оған қатысушы еріктілер саны да өсіп келеді. Мәселен, халық­аралық Жастар күні қарсаңында өткізілген «Таза жағалау» акция­сына 400-ден астам жас қа­ты­­сып, олар 40 тонна қоқыс шы­ғарды.

Аз мерзім ішінде жасақталған топтардың еріктілері осындай қоғамдық маңызы зор істердің ұйымдастырушылары да бола білді. Ең бастысы –жастарымыз қоғамдағы қордаланған мә­селелерді көріп қана қой­май, оларды шешуге шын жанашыр­лықпен кірісіп жүргені қуантады.

Бөлісу:
Қоғам жастардың қолдауын сезінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар