Оқиға
1 мин оқу 760

Көне кітап көрме төрінде

<p style="text-align: justify;">Теміртаудың тарихи-өлкетану музейінде ашылған көрменің төрінен көне жәдігер &ndash; Құран кітабы орын алды. Өткен ғасырдың басында жарық көрген қасиетті мұраны мұражайға осыдан 20 жыл бұрын мешіттің наиб имамы Әбдуәли Асанов тапсырған екен.</p>

Көне кітап көрме төрінде

– Құран тек араб тілінде ғана қасиетті саналады. Оның аудар­масы әлемнің 100-ден астам тілінде бар. Ал мұражайдағы бұл кітап 114 сүреге жинақ­талған 6200 аяттан тұрады. Сү­релердің өзі Мекке және Ме­­дина сүрелері болып бөлін­ген, – дейді музейдің экс­курсиялық-бұқаралық бө­­лі­мі­нің меңгерушісі Гүлім Сыз­дықова.

Айта кететін бір жайт, Құран­ның көне көшірмесі бүгінге дейін толық күйінде сақ­тал­маған. Мұ­ра­жайдағы кітап тек ор­таңғы бө­лігі ғана. Онда  араб ті­лінде жа­зылған 60 тарау бар.

Рухани келісім күніне арнал­ған аталған экспозиция қазан айы­ның соңына дейін жалғасады.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Көне кітап көрме төрінде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар