Жаңалықтар
2 мин оқу 320

Жылы жүзді жүздесу

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы ми­нистрдің Қазақстанға сапарына ілтипатын білдіріп, оның екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызын атап өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы ми­нистрдің Қазақстанға сапарына ілтипатын білдіріп, оның екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызын атап өтті.

– Қазақстан географиялық және климаттық өлшемдері жағынан, сондай-ақ, эко­но­микалық құры­лы­­мы жөнінен көп жағдайда Ка­на­даға ұқ­сас. Тәуелсіздік жыл­да­ры біз екіжақты қарым-қаты­нас­тың белсенді дамуына мүд­делі болдық. Мысалы, бізде ауыл ша­руашылығы саласында өте қар­қын­ды ынтымақтастық қа­лыптасып ке­леді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Кана­даның сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары екі елдің түрлі салалардағы ықпалдастығын нығайтуға ықпал ететініне сенімін білдірді.

Өз кезегінде Д.Бэрд қа­былдау үшін алғыс айта келіп, өзінің Қазақстанда болуы екіжақты қа­рым-қатынасты одан әрі жақсар­туға жаңа серпін беретінін айтты.

– Біз атом энергиясын­ бейбіт мақсатта пайдалану са­ласындағы шартқа қол қойы­луын тағатсыз күтудеміз. Мен бұл ынтымақтастығымызды да­мы­тудың негізгі ұстынының бірі болады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығы саласында, оған жаңа технологияларды енгізу бағытында атқарылған жақсы жұмыстар бар. Біз сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделіміз. Сондай-ақ, саяси және дипломатиялық өзара ықпалдастыққа зор көңіл бөлеміз, – деді Д.Бэрд.

Канада Сыртқы істер министрі Астанаға қатысты таңданысын білдіре келіп, жаңа елорданың құрылысы болашақ ұрпақ үшін лайықты мұра болатындай жарқын жетістік екенін атап өтті.

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Бөлісу:
Жылы жүзді жүздесу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар