Аймақтар
2 мин оқу 414

800 қарағай көшетін отырғызды

<p style="text-align: justify;">ERG құрамындағы &laquo;Қазхром&raquo; трансұлттық компаниясы&raquo; АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының өндірістік ұжымы кәсіпорын аумағы мен Ертіс өзенінің жайылмасын қорғап, сақтау үшін жыл сайын көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Металлургтерге көшеттерді &laquo;Жерге бақ сыйла&raquo; қоғамдық қоры жеткізіп береді.</p>

800 қарағай көшетін отырғызды

– Бірнеше жыл қатарынан зауыт жұмысшылары қала маңына ағаш отырғызуда, – дейді кәсіпорын директоры Сергей Прокопьев. – Бұл «Жасыл белдеу» компаниясы бүгінде жүзеге асы­рылып жатқан барлық эко­логиялық бас­та­ма­лар­дың, яғни зауыттың қор­ша­ған ортаны газдан тазарту жүйелерін біртіндеп жаңарту, қалдықтарды қай­та өңдеу саласында озық тех­нологияларды енгізу, өзен жағалауы аймақтарын тазар­ту және басқа да көп­те­ген іс-шаралардың заңды жалғасы деуге болады.

Ал Еуразиялық Топ бас­шылығы «Жерге бақ сыйла» қоғамдық қорына қолдау көрсетуде. Қазір облыс орталығының шетін­де­гі әртүрлі ағашқа толы тәлім­бақ жайқалып тұр. Саялы бақта 2,7 мыңға жуық ағаш өсіп келеді.

– Бұл – болашақтың жасыл орманы мен таза ауасы. Кейінгі ұрпақ бұл жобамызды жалғастырады деп ойлаймын, – деген қор жетекшісі Юрий Гашек көшеттерді металлургтерге тапсыра отырып, ағаш­тар тамыр жаюы үшін оны қалай дұрыс отырғызу керек­тігін түсіндіреді. Сон­дық­тан отырғызу алдында әрбір жұмысшы ағашты шұңқырға қандай деңгейге дейін түсіру керек, қанша көлемде құнарлы топырақ қосу керек және қай мөл­шер­де су қажет екендігі жа­йын­дағы нұсқаулықпен танысады.

– Ірі өнеркәсіп орын­да­рының өз жобаларымен шектеліп қалмағаны қандай жақсы! – дейді қо­ғам белсендісі Юрий Гашек. – Біз жыл сайын кәсіп­орынға жүздеген көшет береміз. Ағаш егу, өсіру, суару көп қаражатты қажет етпейді. Тек ниет, еңбек, табиғатқа деген жанашырлық қажет. Жоба аясында өз қолымызбен өсірген жас тал­дарды экологиялық бағыт­тағы түрлі жобаларға тегін үлестіреміз. Бірақ бір шарты­мыз бар – ағаштардың суарылуы қамтамасыз етіл­­уі тиіс. Бақ өсірудегі мақ­сат – қоршаған ортаны қор­ғау, экологиялық мәде­­ниетті қалыптастыру. Жасылдандырумен айналысып жүргенде адамдардың эколо­гиялық мәдениеті жет­кі­ліксіз екенін көрдік.

Айтса айтқандай-ақ, компания жылына 6 млн тонна тауарлы хром кенін, 480 мың тонна марганец кенін, 1,8 млн тонна ферроқорытпа өндіреді. Тек қана өндірістік бағыт емес, көгалдандыру да зауыттың экологиялық бағ­дарламасының бірі. Соң­ғы бес жылда зауыт жұмысшылары Ақсу қала­сында 500-ден астам ақ қайың мен сүмбіл терек отыр­­ғызды.

Биыл компания ұзақ мер­зімді көгалдандыру жо­ба­сын бастады. Өсім­дік­тер­дің жерсініп кету үлесін арт­тыру үшін кәсіпорын жер­­­гілікті топырақтың ерек­­­ше­ліктерін ескеріп, ке­йінгі күтімге қаражат бөл­­ді. Алдағы алты жылда мұнда 3 мыңнан астам ағаш өсе­тін «Жасыл белдеу» бол­мақ.       

Енді міне, күздің қазір­гі­дей жылы күндері зауыт жұмысшылары Ертіс өзені жағасында орналасқан кәсіпорынның балалар лагері аумағына 500 түп қарағай отыр­ғызды. Зауыттың ұжы­мы ағаштардың бір бө­лігін энергия және элек­тр цехтары, теміржол бөлімшесі маңына екті.

Жас өскін қарағайлар кәсіпорын аумағындағы «Ұрпақтар саябағында» өсіп келеді. Көктемде болашақ саябақта заманауи суару жүйесі арқылы ағашатар суарыла бастайды.

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы

Бөлісу:
800 қарағай көшетін отырғызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар