Қоғам
1 мин оқу 600

ДСМ дезинфекция құралдары денсаулыққа зиян деген ақпаратқа түсініктеме берді

<p style="text-align: justify;">Елімізде қоғамдық көліктерді дезинфекциялау кезінде денсаулыққа қауіпті заттармен өңделетіні туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бұл сұйықтықтың елімізде қоғамдық көлікті өңдеу үшін қолданылатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев: "Бұл дезинфекциялық құрал Қазақстанда тіркелмеген. Бізде қолдануға ұсынылған дезинфекциялық заттардың тізілімі бар, онда "Продез" жоқ. Оны еліміздің бірде-бір өңірінде пайдаланбайды", дейді ол.

"Продез" деп аталатын құрал Беларусьтің "БелАсептика" зауытында шығарылады.

Фотода қолданылатын заттың құтысы көрсетілген.

1

Ол Қазақстанда қолданылатын барлық дезинфекциялау құралы адам үшін қауіпсіз екенін және ерітіндіні дайындау үшін ұсынылатын пропорция көрсетілген қолдану жөніндегі нұсқаулық бар екенін атап өтті.

Бөлісу:
ДСМ дезинфекция құралдары денсаулыққа зиян деген ақпаратқа түсініктеме берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар