Атырауда Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы бас бостандығынан айырылды
<p style="text-align: justify;">Атырау облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы ақша бопсалады деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Атырау қаласындағы № 2 сотының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Сот үкімді 13 қазанда шығарған. Сот сотталушының лауазымды тұлға бола отырып, тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдамағаны үшін қоластындағылардан бопсалау арқылы 3 мың доллар пара алғанын анықтады. Қабылданған антты бұзу ауырлататын жағдай деп танылды.
"Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстың ауырлығы мен сипатын, сондай-ақ сотталушының жасаған ісіне өкінбегенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруды тағайындауды әділ шешім деп тапты", делінген хабарламада. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.