Қазақстан
1 мин оқу 340

Қазақстанда жол апаты 25,4%-ға азайды

<p style="text-align: justify;">Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте 7541 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10979 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апаты 25,4%-ға кеміді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2020 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында 474 786 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,1%-ға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3891,8 мың бірлікті құрады.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 18 млрд теңге сомасында 43929 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Бөлісу:
Қазақстанда жол апаты 25,4%-ға азайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар