Елорда
1 мин оқу 174

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдегі өрттен 3 бала құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 14 қазанда 101 пультіне Сарыарқа көшесіндегі 11-үйдің 7-қабаттындағы балконнан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қалалық Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің алдын ала мәліметі бойынша сағат 09:21-де Өрт сөндіру бөлімшелерінің 20 құтқарушысы мен 6 техникасы шақыру орнына дереу келді. Олар 7-қабатта 10 шаршы метр алаңда үй заттары мен терезе жақтауы өртенгенін және 8-қабаттың балконы зардап шеккенін анықтады. Үй тұрғындары өздері эвакуацияланған.

Өрт сағат 09.48-де толық сөндірілді.

"Елордалық өрт сөндірушілердің бірі 4 адамды құтқарды, оның арасында 3 бала бар. Қаза болғандар жоқ, қазіргі уақытта құтқарылған тұрғындар жеңіл дәрежедегі улану диагнозымен №1 қалалық ауруханаға және №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталуда", дейді ТЖД өкілі.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдегі өрттен 3 бала құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар