Елорда
1 мин оқу 280

Елордада студенттер арасында "Nur-Sultan debat cup 2020" турнирі өтуде

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Елордада студенттер арасында "Nur-Sultan debat cup 2020" турнирі өтуде

Елорданың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған "NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020" дебат турнирінде біріншілікке таласады.

"Дебат ойындарына Нұр-Сұлтанның 16 жоғары және 35 арнаулы орта оқу орынының студенттері қатысады. Пікірсайыс тақырыптары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан халқы Ассамблеясына, Абай Құнанбаевтың 125 жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Пікірсайыстың мақсаты - жастардың өзекті тақырыптарды талқылап, аналитикалық және сыни ойлай білуіне тарту. Сайыс ZOOM бейнеконференция сайтында онлайн өтеді",  деп хабарлады "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы.

24-25 қазан аралығында турнирдің келесі кезеңі өтеді. Оған осы кезең жеңімпаздары қатысады.

Бөлісу:
Елордада студенттер арасында "Nur-Sultan debat cup 2020" турнирі өтуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар