Үкімет
1 мин оқу 290
Ұлттық Кеңестің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді
<p style="text-align: justify;">Ұлттық Кеңестің кезекті отырысы 22 қазанда онлайн-форматта өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық Кеңестің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.<br /> </p>
Оған әр өңір онлайн-форматта қосылады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау. Сондай-ақ отырыс аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік басшылығының қатысуымен ҰҚСК жұмыс топтарында талқылау өтеді.
Бөлісу: