Қазақстан
1 мин оқу 2,830
Алматыдағы мәйітхана директоры пара алды деген күдікпен қамалды
<p style="text-align: justify;">Алматыдағы мәйітхана директоры үлкен көлемде пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> қалалық прокуратураға сілтеме жасап.</p>
Прокуратураның келісімі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қалалық патологиялық бюроның" директорын ұстады.
"Ол қалада салынып жатқан патологиялық анатомиялық бюрода медициналық жабдықты жеткізуге қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деп күдіктелуде", деді қадағалаушы орган.
Күдікті Алматыдағы тергеу абақтысына қамалды.
Бөлісу: