Экология
1 мин оқу 396

Қалдық полигонының зиянды әсерін азайтады

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Семей қаласының Восход кенті тұрғындарының Бабинск карьерінің аумағында орналасқан қалдықтар полигонының зиянды әсері және қолайсыз коммуналдық ахуал туралы бейнесюжеті негізінде 2020 жылғы 28 тамыз &ndash; 10 қыркүйек аралығында жоспардан тыс тексеру жүргізді.</p>

Қалдық полигонының зиянды әсерін азайтады

Тексеру қорытындысы бойынша «Теплокоммунэнерго» мем­лекеттік коммуналдық кәсіп­орнына 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде полигонның пайдаланылған бөлігін қалпына кел­тіруді аяқтауға, осы нұсқаманы алған күннен бас­тап 10 күннен кешіктірмейтін мер­зімде Шығыс Қазақстан облы­сы бойынша экология депар­таментімен са­нитарлық қорғау ай­мағының көгалдандыру ала­ңын кентке қарай ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ке­лі­суге, оның нақты орындалу мер­­зімін көрсете отырып алаң учаскелерін нақтылауға; поли­гонның бетін тұрақтандыру жө­ніндегі іс-шараларды оған күл мен күл-қож шаңының тү­суіне, іргелес аумақты суару жә­не т.б. мөлшеріне қарай оның бетіне топырақ себу ар­­­қылы қалдықтарды орналас­ты­ру нормативтері жобасына түзету жүргізу міндеттелді. Бұл жұ­­мыс бойынша мемлекеттік эко­­логиялық сараптаманың оң қорытындысын алуға нұсқама бе­рілген, орындау мерзімі – биыл­ғы 1 желтоқсан.

«Теплокоммунэнерго» МКК 2020 жылғы 28 қыркүйектегі хатына сәйкес пайдаланылған жерді көгалдандыру және қал­пына келтіру бойынша жұмыстар орындалған. Нұсқаманың 3-тар­мағы бойынша кәсіпорын поли­гонның бетін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жобалау­ды және түзетуді жүргізуде.

Бөлісу:
Қалдық полигонының зиянды әсерін азайтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар