Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 423

Азулы қарсыласпен жұдырықтасады

<p style="text-align: justify;">Әуесқой бокста біраз белесті бағын&shy;дырып, бокс мамандарын өзінің мық&shy;тылығымен мойындатқан отан&shy;дасымыз Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой боксқа ауысқаны баршаға белгілі.</p>

Азулы қарсыласпен жұдырықтасады

Боксшымыздың ісін жүргізетін MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының хабарлауынша, Құлахмет кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін 11 қарашада өткізеді. Ұлы­британияда ұйымдастырылатын бокс кешінде шаршы алаңға шығатын жерле­сіміздің бұл жолғы жекпе-жегінің жүгі ауыр болмақ. Өйткені орта салмақта өнер көрсететін өреніміз кәсіпқой бокста 14 кез­десу өткізіп, бірде-бірінде жеңілмеген жергілікті боксшы Маклей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) WBC International вакантты титулы үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, Тұрсынбай Құлахмет кәсіп­қой бокстағы дебюттік жекпе-жегін 23 та­мызда Алматыда өткізіп, Сағадат Рахман­құловты (6-2, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу:
Азулы қарсыласпен жұдырықтасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар