Оқиға
1 мин оқу 493

«Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді

<p style="text-align: justify;">Түркістан қаласында белгілі композитор, ғалым әрі журналист Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті. &laquo;Өмірде де, өнерде де сан қырлы&raquo; атты шара сазгердің 60 жас мерейтойына арналды.</p>

«Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы мә­дениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ проректоры Ка­мал­бек Беркінбаев, профессор, дін­танушы Досай Кенжетайұлы және БАҚ өкілдері қатысқан сал­танатты шара барысында ком­позитордың «Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді. Кітапта профессор, Мәдениет қайраткері, Жастар сыйлығы­ның лауреаты, композитор Бекжігіт Сердәлінің танымал әндердің авторларын тауып алып, ән тарихына қатысты өз ауыз­дары­нан, көз көрген замандастарының ес­теліктерінен жазып алған эсселері топтас­тырылған.

Шығармашылық кешке келген қонақтар арнайы құттықтау хаттарын тапсырып, сазгерге сый-сияпат көрсетті. Кеш соңында об­лыстық мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстік-фильм» меке­месі әзірлеген «Өмірде де, өнер­­де де сан қырлы» атты фильм көп­шілік наза­рына ұсынылды.

 

Түркістан облысы

 

Бөлісу:
«Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар