Нұр-Сұлтанға ұшып келген 150 жолаушы стационарға жатқызылды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанға бүгін түнде ұшып келген ПТР анықтамасы жоқ 150 жолаушы стационарға жатқызылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына өткен тәулікте 789 адам ұшып келді.
"Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанға 7 ұшақ келіп қонды. Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines және Flydubai әуе компаниялары орындады. Экипажды қосқанда жалпы 789 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде 150 адамда ПТР-тест анықтамасы болған жоқ. Осы себепті олар карантин стационарына жеткізілді. Егер аталған адамдарда коронавирус анықталмаса - үйіне қайтады, анықталса - инфекциялық стационарға жатқызылады", делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтанға ұшып келген 118 жолаушы стационарға жатқызылды.