Полицейлерге еріктілер көмектеседі

Осы жылдың 9 айында Қызылорда қаласының Полиция басқармасына 41 тұрғыннан азаматтардың хабар-ошарсыз кету деректері бойынша арыз келіп түскен. Олардың ішінде, полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында 36 азамат анықталып, отбасыларына оралды.

Жоғалғандар арасында кәмелетке толмағандар дабар. Олардың көпшілігінің ата-аналары ішімдікке салынған. Мұндай отбасылар профилактикалық есепке алынып, олармен бірқатар жұмыстаржүргізілуде.
Ата-аналары қараусыз қалдырылған кішкентай балалар сыртта ойнап, үйлерінен адасып кететін деректер де кездеседі. Мұндай жағдайда олардың ата-аналары бірден полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.
Жоғалған адамдарды іздеу барысында полицейлерге белсенді еріктілер көмек көрсетуде.Басқарманың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері белсенділермен бірлесіп, іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Бірлескен тиімді шаралар нәтижесінде 6 жасөспірім ата-аналарына қайтарылды.
Мысалы, 12 қазан күні сағат 23:20 шамасында «Instagram» желісіне Қызылорда қаласытұрғынының кәмелетке толмаған 12 жастағы баласының таңертең ойнауға шығып, үйіне келмегендігі жөнінде жарияланымы шықты.
Оны іздеу үшін қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды және белсенді еріктілер өз көмектерін ұсынды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.
Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған жасөспірім түнгі сағат 23:10 шамасында көрші үйдің ауласында табылып, ата-анасына тапсырылды.Баланың анасы полицейлерге өз алғысын білдірді.