Өнер
1 мин оқу 910

Саңлақ бейнеленген сырмақ

<p style="text-align: justify;">Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сан алуан жәдігер бар. Соның бірі &ndash; күй анасы атанған Дина Нұрпейісова бейнеленген сырмақ.</p>

Саңлақ бейнеленген сырмақ

Әдетте өнердің қай түрінде де адамның бейне­сін сомдау оңай емес. Десек те күйші бей­несі салынған сырмақ музей қорына 1992 жылы тапсырылыпты. Оны Алматы қала­сының тұрғыны, суретші Қ.Айтқалиев ұсын­ған екен. Сырмақтың беті жасыл, ақ, қоңыр түсті маталар­дан құрастырылыпты. Он сауса­ғынан күй төгілген дарын иесі Дина Нұрпейісо­ва­ның дом­быра ұстап тұрған бейнесі киізге сы­рып тігіліпті.

Сырмақтағы бейненің айналасына күйші шығарған шығармаларының аттары қара түсті жіппен жазылған. Жоғарғы тұсына елдің өркен­деу кезеңін білдіретін көріністер де бейне­леніпті.

 

Атырау облысы

Бөлісу:
Саңлақ бейнеленген сырмақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар